Білім мекемелерінде қамқоршылық кеңесінің жұмысы жаңа қарқынмен ұйымдастырылатын болады. Бұл Білім және Ғылым министрлігінің тапсырмасы. Оқушылардың сапалы білім алуына барынша жағдай жасау мақсатында құрылған кеңес енді қоғамдық бақылау қызметін атқарады.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын жетілдіруге байланысты ойын ортаға салмаққа ұстаздар арнайы жиын өткізді. Енді мектептердің есепшотына жиналған қаржының да сұрауы болады. Мемлекеттік сатып алу заңының талаптарына сай мектепке сый жасағысы келген ата-аналар мен кәсіпкерлерден жиналатын қаржыны, білім ошақтарының қажеттіліктеріне жұмсау жайы ұсынылды. Тенгенің тиімді жұмсалуын ашық бухгалтерия қатаң бақылайды. Айта кетейік, бұдан былай білім ошақтарына демеушілік жасауға ниетті кәсіпкерлер мен ұстаздарға сыйлық жасағысы келген әрбір азамат ақшасын арнайы есепшотқа аударады.
ЖАНАТ ТӘЖИЕВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Жасыра алмаймын мектептер бүгінгі таңда 100 пайыз компьютермен қамтылмаған. Сондықтан мектепке таза бір қажеттіліктер болуы мүмкін. Немесе оқушыларды саяхаттарға апаруымыз мүмкін немесе түрлі марафондар өткізуіміз мүмкін, мүмкін керемет бір азаматтарды кездесуге шақыруымыз мүмкін. Дәл осындай шараларға жұмсалатын дүние.
Р.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ