Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа"шығармасы бойынша ойын шоуы
16 қаңтарда №1 орта мектепте 5 "А" сынып оқушылары үшін кітапханашылар Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа"шығармасы бойынша ойын шоуын өткізді. Бұл іс - шара биыл 100 жасқа толатын атақты қазақ жазушысы Б.Соқпақбаевқа арналған "Бір ел - бір кітап" акциясына орайластырылған.