4-22 желтоқсан аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі өтті
Мектебімізде 4-22 желтоқсан күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі өтті. Онкүндіктің әдістемелік тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру тәсілдері». Бірлестік мұғалімдерінің барлығы сыныптан тыс іс-шара мен шеберлік сағаттарын өткізді. Шеберлік сағаттарға мектеп мұғалімдері қатысты. Өткізілген тақырыптардың барлығы бүгінгі күні тілді оқытудың маңызды мәселелеріне негізделді. Әлкеева Н.А. «Қазақ тілін оқылым әрекеті арқылы оқытудың тиімді тәсілдері», Байтенова А.А. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тапсырмаларды саралау тәсілдері», Алписова С.С. «Пирамида» әдісі оқушыларды сөйлем құрастыруға дағдыландыру», Жунусова Г.С. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында интербелсенді әдістерін қолдану мүмкіндіктері», Сафарова С.М «Жаңа технологиялық құралдарды қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану», Тургунбаева З.Е. «Аялдама» әдісі арқылы тапсырмалар орындауға қызығушылықты ояту», Мукатова А.Н. «Тақырыптық сөздерді ажырата білу» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өткізді. Әдістемелік тақырып аясында сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды: «Рәміздерім – мақтанышым» (4 «а» сыныбы, Мукатова А.Н.), «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» зияткерлік сайысы (4 «в» сыныбы, Сафарова С.М.), «Қызықты қазақ тілі» квест ойыны (7 «а» сыныбы, Жунусова Г.С.), «Ой мен ойын» квест ойыны (5 «а» сыныбы, Алписова С.В.), «Қызықты қазақ тілі әлемі» (9 «в» сыныбы, Тургунбаева З.Е.), «Менің Отаным» (3 «в» сыныбы, Газизова К.Қ.), «Тәуелсіздік – тұғырым» (8 «б» сыныбы, Әлкеева Н.А.), «Тіл – халық мұрасы» (8 «а» сыныбы, Байтенова А.А.). Оқушылар асқан қызығушылықпен, белсенділік танытты.