20 қазанда "Саумалкөл №1 орта мектебі" КММ-де "Самұрық"мектеп Парламентінің Президентін сайлау өтті.
7 оқушы өз кандидатураларын ұсынды. Барлық балалар мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару мүшелігіне лайық, мектеп іс-шараларына белсенді қатысады, мектепті жақсартуға үлкен ниеті бар. Сайлаудың алдында үлкен дайындық жұмыстары болды. Әрбір кандидат сайлаушыларды тарту бойынша белсенділік көрістетті, атап айтқанда, олардың бағдарламасымен үгіт-насихат плакаттары ілінді.
Сайлау офлайн форматта жасырын дауыс беру арқылы өтті. Кандидаттардың аты-жөні жазылған бюллетеньдер дайындалды. Дауыс беруге 7-11 сынып оқушылары мен педагогикалық ұжым қатысты.
Дауыс беру қорытындысы 24 қазанда Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиында жарияланады.