Әр адамның өмірінде асыға күтетін күндері болады. Балалар үшін - бұл туған күн, каникулдың басталуы, Жаңа жыл. Алтын жастағы адамдар үшін - жақындарының туған күні, Халықаралық қарттар күні. 1 қазан күні егде жастағы адамдарға бұрынғы әріптестері, көршілері, таныстары, тіпті, бейтаныс адамдар көңіл бөліп, жылы лебіздерін білдіреді. Өкінішке орай, бұл күні әртүрлі жағдайларға байланысты көңіл бөлінбей қалған зейнеткерлер де бар. Егде жастағы адамдарға барынша қамқорлық жасау мақсатында Қарттар күні қарсаңында Айыртау аудандық орталық кітапханасының балалар бөлімшесі кітапхананың балалар бөлімшесі жанындағы "Отыз үш идея" клубының мүшелері – Саумалкөл №1 орта мектебінің 5 "А" сынып оқушыларымен (сынып жетекшісі С.С.Алписова) бірлесіп "Жақсылық сәулесін сыйлайық!» акциясын бастады. Акция аясында кітапханашы балалармен және сынып жетекшісімен бірге түскі уақытта мектептен шығып, 18 отбасы-алтын жастағы өкілдер тұратын Е.Әуелбеков көшесіне барды. Бесінші сынып оқушылары әр үйге кіріп, ата-әжелеріне мемлекеттік және орыс тілдерінде өлеңдер оқыды, денсаулығын сұрап, мерекелік ашықхат пен керемет көңіл-күй сыйлады.