20 қыркүйекте Саумалкөл № 1 орта мектебінің бракераж комиссиясы мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыруға бақылау жүргізді
20 қыркүйекте Саумалкөл № 1 орта мектебінің бракераж комиссиясы мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыруға бақылау жүргізді.
Тексерушілер мәзірмен танысып, тамақтану залын тексерді, тағамдардан сынама алды.
Құрамына мектеп әкімшілігі, ата-аналар мен қамқоршылар кеңесінің мүшелері кіретін бракераж комиссиясы мектепте түскі ас толық берілетінін, тағамдар бекітілген мәзірге сәйкес келетінін, порциялары жақсы, тағам жаңа піскен, дәмді екенін атап өтті.