1 маусымда № 1 Саумалкөл орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті
1 маусымда Саумалкөл № 1 орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының аяқталуына, сондай-ақ балаларды қорғау күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Дәстүр бойынша мерекеге мыңға жуық адам жиналды. Оқушылар, олардың ата-аналары, еңбек ардагерлері, педагогтар, мектеп әкімшілігі және құрметті қонақтар.
Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж.Жанапин шын жүректен құттықтау сөз сөйлеп, 11-сынып түлектеріне емтихандарды сәтті тапсырып, жоғары оқу орындарына түсулерін тіледі.
Едрес Жазитұлы республикалық олимпиадалардың, зияткерлік конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына грамоталар табыс етті.
Мектеп директоры М.Ш.Туралинов үздік оқушыларды табысты оқуы, тамаша тәртібі, еңбекқорлығы және білімді меңгерудегі табандылығы үшін мақтау қағаздарымен марапаттады.
11 сынып ата-аналары атынан мектепке алғыс сөздерін Ж.Ә.Наймантаев білдірді, барлығына сәттілік, денсаулық, амандық және өркендеу тіледі.