Жыл сайын 1-12 маусым аралығында республикада «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Науқанның ұраны: «Балалар еңбегін пайдалануға жол бермейміз!».
Ақпараттық науқанның мақсаты: балалар еңбегін қолдану проблемасына қоғамдық назар аудару.
5 маусым күні әлеуметтік педагогтар базарлардағы сауда орындарында, автокөлік жуу орындарында, автокөлік құралдарын жөндеу станцияларында, қоғамдық тамақтандыру пункттерінде, құрылыс объектілерінде балалар еңбегінің ең нашар нысандары мәселесі бойынша парақшалар дайындап, таратты.