Киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алу үшін ақшалай нысанда біржолғы жәрдемақы төлеу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына (ҚР Үкіметінің 2022.08.08 № 544 қаулысына өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес материалдық көмек алу құқығын мынадай санаттағы білім алушылар ала алады:
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасында тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына беріледі.