4 мамыр күні Саумалкөл 1 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен Мамыр мерекелері және Жеңіс күніне орай қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Еркін ел ұрпағы»
4 мамыр күні Саумалкөл 1 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен Мамыр мерекелері және Жеңіс күніне орай қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу шарасы өткізілді. Диктантты 150 оқушы, 20 мектеп қызметкері жазды.
Диктантты өткізуге негіздеме:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмалары.
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.