4 және 5 сыныптар арасындағы сабақтастық бойынша спорттық іс-шара
Бастауыш мектептен орта мектепке көшу-бұл баланың өміріндегі маңызды сәт,өйткені жаңа образға, мектеп өміріндегі жаңа жағдайларға,ересектермен , құрдастарымен, мұғалімдермен жаңа қарым-қатынасқа көшу жүзеге асырылады. Сондықтан № 1 ОМ дене шынықтыру мұғалімдері 4 және 5 сыныптар арасындағы сабақтастық бойынша спорттық іс-шара өткізді . Іс-шара Саумалкөл ауылының орталық саябағында өтті. 4 және 5 сынып оқушылары қазіргі және болашақ сынып жетекшілерімен бірге төрт кезеңге қатысты: ептілік, жылдамдық, қозғалыстарды үйлестіру, төзімділік .
Бұл іс-шара төртінші сынып оқушыларына орта буынға ауысқан кезде жаңа жағдайларға бейімделуге мүмкіндік береді.