10 сынып оқушысы Курмангалиева Гульнар "Bilim-ORKENIETI" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған "ХХІ ғасыр көшбасшысы"республикалық байқауының жеңімпазы деп танылды. Бұл байқаудың мақсаты: оқуға деген қызығушылықты арттыру және дарынды оқушылар арасында байланыс орнату.
20 сәуірде Гүлнар мен қазақ тілі мұғалімі Әлкеева Нұргүл Азамбекқызы форумға қатысып, үздік оқушылар марапатталды.Форум Астана қаласында өтті. Барлық ұжым атынан Гүлнара мен оның тәлімгерін осы жетістігімен құттықтаймыз, жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!