Заманауи робототехникалық бағдарламалық-аппараттық кешендер R: ED
«Қазақстан халқына» қорының «Болашақ инженерлер» бағдарламасы бойынша мектебіміз «Арман Инжиниринг» ЖШС компаниясы өндіретін қазақстандық заманауи робототехникалық R:ED бағдарламалық-аппараттық кешендерімен жабдықтандырылды.
🛡Жобаның мақсаты – ауылдық жерлердегі және моноқалалардағы балаларға робототехниканы зерделеу үшін ресурстық орталық құру, инженерлік құзыреттер саласында қолжетімді сапалы білім беру ортасын қамтамасыз ету.
🤖Робототехниканы оқыған бала электротехник, интернет-платформаларды әзірлеуші, ұшу аппараттарын құрастырушы бола алады, яғни инженерлік білімнің арқасында ол көптеген мамандықтарды игереді.