Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мақсатында ювеналды полиция инспекторы Е.Б.Жүнісов әлеуметтік педагогтармен бірлесіп 7-8 сынып оқушыларымен «Заң және жасөспірім» тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізді. Әңгіме барысында олар оқушыларға электронды темекінің қаншалықты зиянды екенін айтып, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды еске салды. ҚР заңнамасы баланы физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықтың, дөрекі қарым-қатынастың немесе пайдаланудың барлық түрлерінен қорғау үшін құқықтық жағдайлар жасалғанын, сондай-ақ баланың жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын бұзғаны, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғқаны үшін ересектердің жауапкершілігі белгіленгенін еске салды.