Ғылым апталығы аясында 5-сынып оқушыларымен "Менің ғылым әлеміне алғашқы қадамдарым" квест-ойыны өтті. Квест-ойынның мақсаты оқушылардың ғылымдар туралы саналы түсініктерін қалыптастыру, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту болды. Белсенді қатысу барысында балалар математика, биология, әдебиет, орыс тілі, география, тарих, дене шынықтыру және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша командалар дипломдармен марапатталды. Бірінші орынды 5 "А" және 5 "В" сыныптың командалары бөлісті. Екінші орын үшін 5 "Б" және 5 "Г" сынып командалары марапатталды.