Бүгін Халықаралық құстар күнін мерекелеу аясында Саумалкөл №1 орта мектебіне "Көкшетау"МҰТП РММ Айыртау филиалының қызметкерлері келді
Бүгін Халықаралық құстар күнін мерекелеу аясында Саумалкөл №1 орта мектебіне "Көкшетау"МҰТП РММ Айыртау филиалының қызметкерлері келді. Қонақтар балаларға жойылып кету қаупі төнген құстардың сирек кездесетін түрлері туралы айтып берді, сондай-ақ біздің ауданда тұратын құстарды көрнекі түрде көрсетті. Дәрістен кейін оқушылар қызметкерлермен бірге мектеп жанындағы учаскеге құс үйлерін іліп қойды.