2021 жылдың 08 ақпаны мен 19 ақпан аралығында Саумалкөл №1 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтті. Онкүндіктің тақырыбы: «Оқушылардың білімі мен шығармашылығының сапасын арттыру үшін оқытудың заманауи технологияларын әр түрлі тәсілдер арқылы қолдану»
Онкүндіктің мақсаты - балалардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік тілді, ел тарихын зерделеу қажеттілігін қалыптастыру, оқушылардың назарын үштілділікті дамытуға аудару.
Онкүндік аясында мектеп мұғалімдері сыныптан тыс жұмыстар жүргізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері түрлі байқаулар өткізді. 2-сынып мұғалімдері Мукатова Ақмарал Нургалиевна, Нажкенов Айдын Есимович «Ең білімді? Ең жылдам? Ең күшті?» (Ребус пен сөзжұмбақ сайысы), «Ой мен ойын» (Сайыс сабағы), бұл сабақта оқушылар тақырыпты жақсы білетіндіктерін көрсетті. 3 – сыныптарда «Менің елім» атты Көркем сөз мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, сөз зергерлері өз өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сайысты Туралинова Гульнар Кубашовна өткізді. «Тіл - халық мұрасы» білім беру-интеллектуалдық сайысы 5 - сыныпта қызықты өтті. Байқауды Байтенова Айжан Агзамовна өткізді. Сафарова Сания Мавлетовна «Абай Құнанбаевтың өлеңдері» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді, онда оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқып қана қоймай, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Алписова Слушаш Советовна 5 - сыныптарда «Тіл татулықтың тірегі» байқауын өткізді. Ақпаратқа толы, көңілді және жақсы қарқынмен интеллектуалды-танымдық викторина өтті. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қазақ тілінде өлеңдер оқыды.
Оқушылар мектеп бағдарламасындағы күрделі және қызықты пәндер бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, белсенділік танытты. Онкүндік оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етті. Барлық іс-шаралар кіші, орта және жоғары сынып оқушыларының белсенді қатысуымен жақсы деңгейде өтті. Балалар қай тілде сөйлесек те, Қазақстан біздің ортақ үйіміз екенін тілге тиек етіп өтті. Және тағы да балалардың бойына біздің еліміздің халықтарының тілдері мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу үшін атсалысуымыз қажет.