Меню KDT

logo.png?_=1675686487


«Саумалкөл №1 орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Барлық жаңалықтар

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың жолдауына пікір


     

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың жолдауын халық зор үмітпен күткендей.  Әлемде болып жатқан індет ешкімге жеңіл тиіп тұрған жоқ екенін білеміз. Тоқаев бұл індет әлі де біраз уақытқа созылуы мүмкін екенін және осындай қиыншылықтарға біз дайын бола біліп, төтеп бере алатынымызға сенім артып отыр. Қасымжомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемелері арқылы мәселені  жылы жауып қоймай, шешуден қашпайтынын көрсетті.

    Өз жолдауында ұстаздардар қауымын, оқушыларды, студенттерді, ата-аналарды  Білім күнімен құттықтауы жүрегімізге жылу сепкендей болды. Өйткені дәл осы күні жүректері қуанышқа толы оқушылар шоқ гүлдерімен мектепке қарай қуана басып бара , қашықтан қоңыраудың сыңғырын естуге тура келді.

    Оның пайымдауынша, білім және ғылым саласына жаңа нақты міндеттер қойды және әлі шешілетін мәселелердің көп екенін де атап кетт.і Президент атап көрсеткен басым бағыттар ел экономикасының басты өзегі саналатын аталған салалардың заманға сай дамуына зор серпін береді. «Мемлекет басшысы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. Белгілі болғандай, еңбекақы мөлшері келешекте де арта бермек. Бұл мақсатта алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінбек. Соңғы жылдары елімізде ұстаз беделін, педагог мәртебесін көтеру жолында елеулі істер атқарылып, нақты жұмыстар жүзеге асуда. Мәселен, бір ғана «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы – қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға бағытталған зор қадам болды.  бұның бәрі қуанттатын жағдай.  Президенттің ұстаз беделінің артуы, еңбекақының жыл сайын көтерілуі – білікті де білімді, «ұстаз» деген атқа лайықты нағыз мамандар мектебінің қалыптасуына негіз болатынына сенімдіміз.

    «Басты байлық – деннің саулығы. Қоғамымызда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі замандастарымыздың дені сау болуы үшін ақ халатты абзал жандардың жалақысын көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл да қуантатын жәйт.

    Президенттің бізден күтіп отырған зор үмітін ақтау мақсатында алдымызда қандай қиыншылықтар болса да, дер уақытында шешіп, қашықтан болса да алдымызда отырған оқушыларымызға сапалы білім беруге біз дайынбыз.

     

                             С.С. Алписова, қазақ тілі мұғалімі, № 1 СОМ

    02.09.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директоры Туралинов Мырзабай Шарипович

    Директордың ОТЖ бойынша орынбасары Торгаева Махаббат Маратовна

    Директордың ОТЖ бойынша орынбасары Несветеева Надежда Александровна

    Директордың ОТЖ бойынша орынбасары Габдуллина Турымтай Султановна

    Директордың ТЖ бойынша орынбасары Силам Ардак Силамовна

    Полезные ссылки