2019 жылғы 12 тамызда жаңа оқу жылының басталуы аясында бүкіл ел бойынша "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы басталды.
Акция мақсаты: оқушыларды оқу орындарына апаруды ұйымдастыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобусымен балаларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
11 қыркүйекте осы Акция аясында Саумалкөл № 1 орта мектебінің барлық сыныптарында "ЖЖЕ біл" сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілері оқушылар үшін түрлі конкурстар, викториналар, әлеуметтік видеобейнелер, жұмбақтар және т.б. дайындады.
Сондай-ақ айдың ішінде әлеуметтік педагогтары және КТЖИ "Мектепке қауіпсіз жол" рейдтерін өткізіп отырады.