2019 жылдың 24 сәуір мен 8 мамыр аралығында онкүндігі өтті. Онкүндікте «Сабақтағы комуникативті-тілдік құзіреттілікті қалыптастыру – оқушының табысқа жетер жолы» тақырыбы бойынша тәжірибе алмасу сабақтарын және сыныптан тыс іс-шараларын өткізді.
24 сәуір күні 1 Б сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Сафина Н.А. «Как писать жи- ши,ча-ща, чу- щу?» атты ашық сабағын өткізді.
26 сәуір күні 1 Б сыныбында ағылшын тілі мұғалімі Ергалиева С.Ж. «My favourite food» атты ашық сабағын өткізді.
2 мамыр күні 1 А сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Есенгалиева Г.Б. «Комбинирование предметов» атты ашық сабағын өткізді.
3 мамыр күні 5Б сыныбында ағылшын тілі мұғалімі Калиакбарова М.М.. «Спорт» атты ашық сабағын өткізді.
3 мамыр күні 4 А сыныбында бастауыш сынып мұғалімі КащееваН.И а «Урок обобщение» атты ашық сабағын өткізді.
3 мамыр күні 5Б сыныбында орыс тілі мұғалімі Петричкович Н.Н. «Стойкость и сплоченность героев Пришвина «Кладовая солнца» атты ашық сабағын өткізді.
6 мамыр күні 7 Б сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байтенова А.А, кітапханашы Жаксыбаева С.О. «Батыр туса - ел ырысы» атты ашық шара өткізді.
6 мамыр күні 5 Б сыныбында математика мұғалімі Омирбулатова А.Е. «Угол»атты ашық сабақ өткізді.
8 мамыр күні 6А сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мукажанова А.Б. «Абайды оқы, таңырқа!»
атты ашық сабақ өткізді.
. Сабақтардың мақсаттары мен міндеттері дұрыс қойылған және қойылған мақсаттарына жете білді. Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі сабаққа қойылатын талапқа сай жасалған. Сабағы методикалық тұрғыдан дұрыс құрылған. Оқушыларды сабағына қызықтыра білді. Жасалған жұмыс түрлері, қолданған әдіс –тәсілдері көп болды. Сабақта пәнаралық байланыс болды. Сабақ топтық жұмыста өтті. Сабақ топтық жұмыста өтті. Сабақта ұйымдастыру бөлімі мен сергіту сәттері де қамтылған. Оқушылардың сабақтағы белсенділіктері жоғары болды. Мұғалім мен оқушылар арасында байланыс бар, бір-бірін жақсы түсінеді. Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу қабілеттері жақсы дамыған. Онкүндік тартымды әрі қызықты өтті.