Білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №94 бұйрығымен бекітілген.
ОЖСБ-ны өткізу мақсаты – бастауыш мектепте-оқу жетістіктерінің мониторингі, негізгі мектепте-оқу жетістіктерін мониторингілеу және оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау, жалпы орта мектепте –оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау.
ОЖСБ-ның міндеттері:
ОЖСБ-ға дайындық келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Әр пән мұғалімі жеке жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеді, сынып жетекшілері оқушылардың сыналатын тестілеуге қатысуын қадағалады. Директордың орынбасарлары Торғаева М.М., Габдуллина Т.С., Несветеева Н.А. ОЖСБ сынамалық тестілеу мониторингін жүргізді. Пән мұғалімдері сабақтарда және қосымша сабақтарда оқушылармен бағдарламалық материалдарды қайталау жұмыстарын жүргізді. Мектеп әкімшілігі 4-ші, 9-шы және 11-ші сыныптарының сабақтарына қатысты, білім кесінділерін өткізді.
2018-2019 оқу жылында 4 сыныптардағы оқушылар саны – 71, 9 сыныптарда-64, 11 сыныптарда-30, жалпы контингенті 165 оқушыны құрайды, оның ішінде ауруы бойынша 11 оқушы болған жоқ, 1 оқушы үйде оқытылады, 1 – мектептен кетті, ОЖСБ-ға барлығы 153 оқушы қатысты, бұл жалпы санның 93% құрайды.
ОЖСБ нәтижелері
Сынып | Оқушылар саны | Пән | Қатысқан оқушылар саны | Пән бойынша орташа балл | Жалпы орташа балл |
4 сынып | 71 | Орыс тілі
| 64 | 9.1 | 18 |
Математика | 64 | 8,9 | |||
9 сынып | 64 | Қазақ тілі | 58 | 10,3 | 30.6 |
Дүниежүзі тарихы | 9 | 24.8 | |||
Қазақстан тарихы | 6 | 16.8 | |||
Биология | 9 | 25,7 | |||
Алгебра | 12 | 18,3 | |||
Физика | 8 | 14,8 | |||
Химия | 9 | 22,8 | |||
География | 5 | 18,2 | |||
11 сынып | 30 | Қазақ тілі | 30 | 7,6 | 42,3 |
Қазақстан тарихы | 30 | 22,7 | |||
Физика | 30 | 11,8 | |||
Барлығы | 165 |
| 152 |
| 30,3 |
Тестілеу нәтижелерін талдау төмен баллдардың қазақ тілі мен физикадан 11-сыныптарда, Қазақстан тарихы, алгебра, физика, 9-сыныптарда география бойынша байқалатынын анықтауға мүмкіндік береді..
Келесі пәндер бойынша ОЖСБ-дан жақсы нәтижелері: Қазақстан тарихы (11 сынып), Дүниежүзі тарихы, химия және биология (9 сынып).
Ұсынымдар:
Оқушылардың диагностикалық карталарында белгілей отырып, білім, білік және дағды деңгейін жүйелі түрде анықтау. Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша уақытылы түзету жұмыстарын жүргізу;
Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру;
Мектеп әкімшілігі мұғалімдердің сабақтарына жүйелі түрде қатысып, әдістемелік көмек көрсетсін.