2023 жылдың 20 желтоқсанында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті
2023 жылдың 20 желтоқсанында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Ауданымыз бойынша 25 педагог қатысты. Педагогтарға ұсынылған 3 тақырып бойынша таңдау жасап, таңдалған тақырып негізінде еркін түрде Эссе жазылды. Қазылар алқасы мүшелерінің шығарған қорытындысы бойынша "Саумалкөл №1 орта мектебінің" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлкеева Нұргүл Азамбекқызы ІІІ-орын жеңімпазы атанды.
Жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттарыңызға жетуге тілектеспіз! Әрдайым биік белестерден көріне беріңіз!